Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар


07.06.2017, 10:55

Шымкенттік әйел ондаған жалған фирма ашып, мемлекеттің миллиондарын ұрлаумен айналысқан

Шымкентте мемлекеттің ақшасын ұрлаумен айналысып келген қылмыстық топтың жолы кесілді деп хабарлайды Хабар-24. Топты әйел адам басқарыпты.

Олар әлеуметтік жұмыс орнымен қамту мемлекеттік бағдарламасы аясында бөлінген қаржыны жымқырған. Облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеу қызметі арнайы жедел іздестіру іс-шараларын жүргізіп, 5 күдіктіні ұстады. Қылмыстық топты тінту кезінде автокөліктен бөлек 180 дана пластикалық банк картасы, 2 миллион теңгеден астам ақша, жеке кәсіпкерлерге тиесілі 88 дана мөр мен 21 еңбек және 52 чек кітапшасы 22 азаматтың жеке куәлігі, алтыннан жасалған 23 зергерлік бұйым табылған. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.

Ғабидулла Садықов, ОҚО МКД ЭТҚ аса маңызды істер жөніндегі аға офицері:

– Ол азаматшаның негізгі жұмысының бағыты – ол жалған кәсіпкерлікпен шұғылданатын мекемелер арқылы бюджеттен жұмыссыз азаматтарға бөлінген қаржыны осы жалған кәсіпкерлерге аударып, сол арқылы өзінің жеке азаматтардың атына жазылған жеке банк шоттарына аударып, сол шоттардың барлығы өзінің қолында болған.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.