Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар

11.09.2017, 17:32

Латын әліпбиіне көшкеннен кейін азаматтардың жеке куәлігі де өзгеріске ұшырайды

Қазақ әліпбиінің латын нұсқасы ресми түрде бекітілгеннен кейін осы саладағы шаралар жоспары қолға алынады. Соның ішінде жеке куәліктердің жаңа нұсқасын шығару да бар деп жазады Қазақпарат.

«Әрине, бұл шара аса өзекті және әрбір азаматқа қатысты. Оның аясында жеке куәліктер де ауыстырылады. Алайда, ол жұмыс біртіндеп атқарылады. Мәселен, қазіргі құжаттар жазылған мерзіміне дейін де жарамды болады. Уақыты аяқталғанда ауыстырылады», - деді Үкімет басшының орынбасары Ерболат Досаев бүгін латын әліпбиінің бірыңғай стандартын таныстыруға арналған парламенттік тыңдауда.

Оның айтуынша, бірыңғай стандарт бекітілген бойда білім беру саласына қатысты біраз шараларды атқару қажет. Алдымен маман даярлау мәселесіне баса назар аударған жөн. Осыдан кейін ол білімді xалық арасында кеңінен тарату қажет. «Осы орайда латын әліпбиін меңгеру бойынша оқу-әдістемелік құралдарды, мобильді қосымшалар мен ақпараттық бағдарламаларды шығарған маңызды. Аталған шаралардың барлығы уақытына қарай үйлестіріледі және бір-бірімен байланыстырылады. Осының арқасында біз латын әліпбиін жүйелі түрде енгізе аламыз», - деп атап көрсетті Үкімет басшысының орынбасары. 

Айта кетейік, бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде Шаяxметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық орталығының директоры Ербол Тілешов латын әліпбиінің бірыңғай нұсқасын таныстырды.

Пікір қалдыру үшін әлеуметтік желі арқылы кіріңіз

     

Пікір  

Самал
0 Самал 12.09.2017 11:52
Бастысы жаппай ауыстыру деген болмайды екен ғой. Бұл қадамды біртіндеп реттесек ондай қатты ауыр түспес.
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

DivideGroup — сайт әзірлеуші

©2016-2018 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

    Яндекс.Метрика