14.12.2017, 10:08

Шетелдік азаматқа тұрмысқа шыққан тараздық қыз ізім-қайым жоғалып кеткен (ВИДЕО)

Махаббат деп, өзге ұлттың етегін ұстап, өкініп қалмаңыз! Таразда жат жұрттық жігітке тұрмысқа шыққан қазақстандық қыз ізім-ғайым жоқ. Шет ел азаматымен шаңырақ көтерген Ақмарал Әбдіханованы жақындары жер көктен іздеп таба алмай жүр деп мәлімдейді 31 арна.

Анасы қызының Үнді мұхитындағы Маврикий аралына ұзатылғанын айтады. Алайда, төрт жылдан бері өлі-тірісі белгісіз. Іздеу жұмысына Сыртқы істер министрлігі араласқан. Сонда да еш хабар жоқ дейді жақындары.

Суреттегі Сэнди Тайламиммен Ақмарал Алматыда танысыпты. Кейін 21 жастағы бойжеткен өзінен 20 жас айырмашылығы бар үнді азаматымен сөз жарастырыпты. Тіпті, қазақ қызына ғашық болған шет елдік күйеу қалыңдығына өзінің фирмасына директор қызметін ұсынған көрінеді. Артынша бірге болуға сөз байласып, ата-анасына таныстыру ниетте Үнді асады. Қайтып келгенде Ақмарал барған жерінің салтынан бөлек будда дінін де қабылдап үлгеріпті.

 «Қызым біртүрлі өзгеріп келді. Үш бөлмелі үйдің бір бөлмесіне кіріп кетіп, жоқ, жоқ. Сосын қарасам былай отыр бұрышта. Алдына суреттерді қойып қойыпты. Үндінің суреттерін. «Келін» киносы бар ғой сондағы қоңырау, кішкентай ыдыстар сондайды қойған. Түтін шығып жатыр, сөйтіп былай отыр. Қызым-ау не істеп отырсың десем, Құдайға табынып отырмын», – дейді анасы Сәулехан Әбдіханова.

Жат дінге бет бұрған қызын қайта исламға иландыру мүмкін болмапты. Осылайша, өз төркінін танымаған Ақмарал кейін ешкімге ескертпей бір жола Маврикий аралына көшіп кетіпті. Жақындарымен тек телефонмен тілдесіп тұрған көрінеді. Анасы соңғы рет төрт жыл бұрын сөйлескенде қызыммен тілге келіп қалдым дейді. Дауға қызының Үндістан азаматтығын алу үшін туу туралы куәлігін сұрауы себеп болған.   

 «Сен қазақтың қызысың ол жақта қалмайсың, бермеймін деп едім. Ашуланып қоя салды. Содан бері маған мүлдем соқпайтын болды», – дейді Әбдіханова.

Содан бері қызымен байланыс мүлдем үзілген. Тек осы жылдың наурызында белгісіз нөмір жиі соғыпты. Бірақ үзіліп, даусы естілмей дал болған. Бұл «қызымның құлдықта отырғанының» белгісі дейді ана. Күдігі күшейген соң Сыртқы істер министріне арыз жазыпты. Ондағылар сондағы елшілікке хат жолдағанмен мардымды жауап ала алмапты. Сөйтіп, іздеу ісін көші-қон қызметіне тапсырған. Қазір ұшты-күйлі жоғалған қызды халықаралық қылмыстық полиция іздестірмек.  

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Пікір қалдыру үшін әлеуметтік желі арқылы кіріңіз

SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 

©2016-2018 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

    Яндекс.Метрика