Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар

22.01.2018, 10:13

Астана іргесіндегі елдімекендерге автобустар қатынауын тоқтатты

Ауа райының қолайсыздығына байланысты қала маңына қатынайтын автобус бағдарларының қозғалысы уақытша тоқтатылды деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты «Астана LRT» ЖШС-не сілтеме жасап.

«Ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана қаласының маңындағы елді мекендерге қатынайтын автобус бағдарларының қозғалысы уақытша тоқтатылды. Қоғамдық көлік бағдарларының қозғалысы жаңартылған кезде, халық міндетті түрде ақпараттандырылатын болады», - делінген «Астана LRT» ЖШС-нің хабарламасында.

Қала маңына қатынайтын барлық автобус бағдарларының тоқтатылғандығы «Қазавтожол» РМК-нің ахуал орталығында түсіндірілді.

«Құрметті қоғамдық көліктің жолаушылары!

Дизельдік отындағы көліктер мен қоғамдық көліктер үшін Астанадан барлық бағыттардағы жолдарда қозғалысқа шектеу қойылды. Осыған орай, ауа райының аязды болуы себебімен қала маңына қатынайтын барлық автобус бағдарларының қозғалысы уақытша тоқтатылғандығын хабарлаймыз. Аталмыш бағдарлар қозғалысының жаңартылғындығы жөнінде кейін хабарлайтын боламыз», - деп жазылған таратылған ақпаратта.

Пікір қалдыру үшін әлеуметтік желі арқылы кіріңіз

     
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

DivideGroup — сайт әзірлеуші

©2016-2018 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

    Яндекс.Метрика