$ 444.22  476.38  4.82

Қызғаныштан жігітінің әуретті жерін кесіп алған астаналық қыздың әрекетін ІІД растады

Астанада жігітінің әуретті жерін кесіп тастаған қыз сотталып жатқаны туралы қаулының суретін жолдады. Онда келтірілген мәліметтерге сәйкес, 1981 жылғы қыз 21 қаңтар күні өз үйінде жігітімен бірге болған деп жазады NUR.KZ.

Сол уақытта ол жанындағы азаматтың телефонынан әпкесіне жазған SMS хаттарын көріп қояды. Онда сүйіктісі туысына өзге қыздардың суретін жіберіп, оларды мақтаған екен. Хаттарды көрген арудың қызғанышы оянып, күдікті ойлар туа бастайды.

Ол жігітіне ұйықтататын дәрі беріп, жыныс мүшесін кесіп тастайды. Содан соң сүйіктісін киіндіріп алып, өз көлігімен ауруханаға алып барыпты. Дәл осы №2 ауруханада тәртіп сақшылары қызғаншақ аруды қамауға алған.

Астана қалалық ІІД баспасөз қызметі аталмыш жағдайдың тіркелгенін растап отыр.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары