Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар

12.02.2018, 09:38

Компьютер үшін бір отбасын қырып салған: Шымкентте үш адамды өлтірген күдікті ұсталды

Шымкентте бір отбасын түгел қырып салды деп айыпталған күдікті Тараз қаласының теміржол вокзалынан ұсталды деп жазады TVK телеарнасы ішкі істер органдарына сілтеме жасап.

Есте болса өткен аптада Шымкенттегі жер үйлердің бірінде 1965 жылғы әйел мен оның екі ұлын (22 және 13 жастағы) белгісіз біреу айуандықпен өлтіріп кеткен болатын. Олардың мәйіттері өз үйлерінде 8 ақпан күні кешке табылды.

Телеарнаның мәліметінше, 10 ақпан күні полицейлер күдіктіні ұстаған. 11 ақпан күні Шымкентке жеткізіпті. 1991 жылғы жігіт бұрын Шымкентте тұрған екен, жақында ғана Таразға қоныс аударған.

"Ол аталған отбасының үлкен ұлымен таныс болған, екеуі бірге Dota компьютерлік ойынын ойнайды екен. Күдіктінің айтуынша, жуырда досы дүкеннен қымбат компьютер сатып алыпты. Бұл соны ұрлау үшін аталған үйге ұрлыққа түскен. Алдымен үйді бірнеше уақыт аңдыпты. Ешкім жоқ-ау дегенде қоршаудан асып түскен. Алайда, үйде досының анасы болып, ол әйелді кастетпен ұрып өлтіріпті. Осы уақытта үйге үлкен ұлы келіп қалған. Күдікті досын үстелдің аяғымен ұрып өлтіргенін айтып отыр. Ісін бітіріп болған кезде үйге мектептен кіші ұл да кеп қалған. Оны буындырып өлтірген", - деп мәлімдеді TVK телеарнасы.

Пікір қалдыру үшін әлеуметтік желі арқылы кіріңіз

     
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

DivideGroup — сайт әзірлеуші

©2016-2018 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

    Яндекс.Метрика