$ 498.34  519.72  4.85

«Маған бәрібір...» Баян Алагөзова тоқалдыққа қарсы еместігін айтты

2016 жылы түрмедегі күйеуі Бақытбек Есентаевпен ажырасқан танымал продюсер осыдан үш ай бұрын кәсіпкер Турсенгали Алагузовке екінші әйелі боп тұрмысқа шыққан болатын. Баян үшін Алагузов бірінші әйелін бала-шағасымен тастап, ажырасқанын да көпшілік жақсы біледі. Күні кеше The Эфир жобасында қонақта болған Баян Алагөзова тоқалдыққа қарсы еместігін, қазақта көп әйел алу ежелден қалыптасқан үрдіс екенін айтты.

«Шынын айтқанда, тоқал туралы менің ойым ешкімге қызық емес, сол үшін маған бәрібір. Бірақ, тоқал алу бұрыннан болған, қазір де бар және болашақта да бола береді. Бұрынғы қазақтарда бірнеше әйелден болған және ол қалыпты жағдай болып есептелген. Кейін Кеңес одағы орнаған кезде атеизм келді де, тоқалдардың орнын нақсүйерлер басты. Аты ғана өзгерді. Ал, қазір бәрі бұрынғы қалпына келіп жатыр. Кім қанша әйел алғысы келсе де өз еркі. Мен 4 әйелі бар еркектерді танимын. Бұған ер адамдардың да, әйелдердің де кінәсі жоқ. Әйел келісім бере ме, жоқ па, соған байланысты. Бермеген күннің өзінде еркектер әйелін алдап, көңілдесіне барып жүре береді. Олардың табиғаты сондай», - дейді танымал продюсер.

Айта кетейік, Баянның тәрбиесін көріп, КешYou тобында ән айтқан Жұлдыз Өмірғали мен Ақбота Сейітмағамбет те «екінші әйел» деген статусқа ие. Жұлдыз танымал әнші Айқынмен көңіл жарастырса, Ақбота актер Дәурен Айдарқұловтан бала туып алған. Баянның өзі де алғашқы күйеуі Бақытбек Есентаевтың көзіне шөп салғанын еш жасырмай айтып жүр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары