13.03.2018, 18:55

Қоғам белсенділері ОҚО-ның экспертизасына сенбейді: олар зорланды деген 7 жасар баланы Алматыға алдырмақ

Күні кеше ОҚО Сарыағаш ауданындағы Абай ауылында 7 жасар баланың бір емес бірнеше рет зорланғаны туралы жазған болатынбыз. Алайда, бүгін ҚР Білім және ғылым вице-министрі арнайы экспертиза өткізілгені, баланың зорланбағаны туралы ресми мәлімдеді.

Десе де, қоғам белсенділері және заңгер Ержан Есімханов вице-министрдің сөзіне де, жүргізілген экспертизаның қорытындысына да сенбейтіндерін айтып отыр. Олар зәбір көрген оқушыны тәуелсіз экспертизадан өткізу керек дейді.

Осынау бастаманы көтергендердің қатарында танымал блогерлер Жанна Ахметова мен Жанна Ильичева да бар. Олар баланы әжесімен бірге Алматыға әкеліп, өзге дәрігерлерге тексертіп көрмекші.

«БАҚ арқылы баланың зорланбағанын ресми мәлімдеді. Экспертизаны кім жүргізді? Әрине, сол ауданның мамандары. Біз сіздермен өте жақсы білеміз, егер расымен де зорланғаны дәлелденсе, онда талай лауазымды тұлғаның басы кетеді. Мектеп директорлары, олардың орынбасарлары, мұғалімдер, полицейлер және қатысы бар өзге де лауазым иелері жауапқа тартылады. Тіпті, таяқтың бір ұшы облыс әкіміне де тиюі мүмкін, маған сеніңіздер! Сондықтан, біз бұл жайтты өзіміз тексеруіміз керек. Қазір бізге әжейдің тасымалымен көмектесеміз деп отыр. Мен оны немересімен бірге Алматыға әкелмекпін және тәуелсіз сараптамадан өткіземін. Жұмылып көтерсек аса қымбатқа түсе қоймас», - деп жазды Жанна Ахметова өзінің Facebook-парақшасында.

Оның айтуынша, егер расымен де бала зорланбаса онда оны ең бірінші болып тексерген дәрігер жазалануы тиіс. Өйткені, ол оқушының зорланғанын айтып, дереу дабыл қаққан және полицияға хабар берген.

«Бізге жай ғана теріске шығару жеткіліксіз. Егер расымен де өтірік болса онда баланы ең алдымен тексеріп қорытынды шығарған дәрігерді лицензиясынан айыру керек. Сондай-ақ, ең бірінші болып мақала жазған БАҚ-ты да жазалау қажет. Өйткені өтірік ақпарат беру теракт жасағанмен бірдей», - дейді ол.

Жанна Ильичева болса бала құқықтарымен айналысатын министрлер мен депутаттарды Астанада омалып отыра бермей, ОҚО-ға барып, мәселенің мән-жайын өз көздерімен көріп қайтуға кеңес берді.

«Бұл экспертиза сол былық болған жерде жасалса оған сенуге болады ма? Енді баланың әжесін жала жапты деп ертең соттап, баланың өзін қиын балалар тізіміне енгізіп қойса мен таң қалмаймын. Балалардың құқығына жауапты министрлер, депутаттар және өзге де құзырлы орган өкілдері, құйрықтарыңызды жұмсақ креслодан көтеріп, мәселенің мән-жайын білу үшін оқиға орнына барыңыздар, ОҚО Марс планетасында емес қой, ол да өзіміздің елде», - деп жазды Жанна Ильичева.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Пікір қалдыру үшін әлеуметтік желі арқылы кіріңіз

SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 

©2016-2018 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.