$ 443.35  475.54  4.82

Секси: Көпшілік Олжас Сүлейменовтің сұлу қызына таңдай қақты (ВИДЕО)

Оны көпшілік қазақтың Моника Беллуччиі деп атайды. Ол — қазаққа аты әйгілі ақынның қызы. Оның сұлулығы мен мінсіз мүсіні жұрттың барлығын тамсандырып, үнемі ел назарында жүреді.

Мәдина Сүлейменова өзінің дипломат әкесін үнемі қолдап жүреді.

Мысалы, ол оның «Махамбет» деп аталатын фильміне продюсерлік етті.

 

Сонымен бірге, Мәдина Сүлейменова «Невада-Семей» қорының вице-президенті.

Мәдина түрлі көңілді кештердің де қадірлі қонағы. Ол елде болатын барлық сән кештерінде төбе көрсетеді

Оның ерекше кеш көйлектері кез келген жерде көптің көзіне түсіп, киіну мәнері де ел аузында жүреді.

Себебі, Мәдина елден ерек киінгенді жөн санайды.

Оның желідегі жазбаларынан Мәдина бағалы әлем сәнгерлерінің киімдерін жиі киетінін байқауға болады. Оның гардеробында Roberto Cavalli, Dolce & Gabbana секілді әлемге әйгілі брендтер де жоқ емес.

Күні кеше ол жалғыз қызы Айнұрды тұрмысқа беріп, тойын дүркіретіп Түркияда жасаған болатын.

Дереккөз: NUR.KZ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары