$ 523.86  544.34  5.11

«Бұл жай ғана екі клан арасындағы жанжал»: ОҚО депутаттары 7 жасар баланың зорланғанына күмәнмен қарайды

ОҚО Сарыағаш ауданына қарасты Абай ауылында зорланды делінген 7 жасар баланың ісіне қатысты өңірдің депутаттары енді ғана үн қата бастады. Олар балаға жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасалған дегенге сеніңкіремейді. Депутаттардың сөздеріне сенер болсақ, бұл тек әулеттер арасындағы жанжалдың ушығуы екен. Демек, олардың пайымынша 1-сыныптың оқушысы журналистерге өзін зорлады деп өтірік сұхбат берген болуы мүмкін. Десе де, халық қалаулылары Астанадағы экспертизаның қорытындысы шықпай асығыс шешім шығармайық деп отыр. Бұл туралы жергілікті Отырар телеарнасы хабарлады.

Телеарнаға сұхбат берген облыстық мәслихаттың депутаты Жаңабай Ағабеков істің осыншама ушығуына мектеп директоры мен орынбасары арасындағы дау себеп болған дейді.

«Мен  оқиға орын алған  ауылда болдым. Мектеп директоры мен оқу ісі жөніндегі меңгерушінің арасында текетірес орын алған. Айыпталып жатқан  балалардың ата-аналарымен кездестім. Олар  зорлауға балаларымыздың еш қатысы жоқ дегенді айтуда. Мен аудандық  полиция бөлімінде де болдым, баланың туыстарының арыздары барлығы тіркелген. Уролог маманның да қорытындысы бар. Ауылдағы  тұрғындар  мұндай жағдай болуы мүмкін емес деп отыр. Қалай болғанда да сараптаманың қорытындысын күтеміз», - дейді депутат.

Бұл мәселеге қатысты облыс мәслихатының мемлекеттік құқық мәселелері және жергілікті өзін-өзін басқару жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Өмірзақ Мелдеханов та өз пікірін білдірді.

«Елді шулатқан Абайдағы 7 жасар балаға қатысты оқиғаға айтарым, мәселе екі кланның арасындағы даудан пайда болған. Жас баланың жағдайын ойлаған адамды көрмедім. Баланы Зағипа Балиева  алып кетті ғой… Сол округтен сайланған депутатымыз Жаңабай Ағабековтен орын алған жағдайды сұрастырдық. Екі кланның өз мәселелерін саясатқа айналдырып, баланы қосып шешіп жатыр. Мен тұрақты комиссияның төрағасы ретінде айтарым, мәселе біздің қадағалауымызда. Тексеру нәтижесімен халықты хабардар ететін боламыз», - деді төраға.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары