$ 449.3  489.69  4.89

Күйеуінен әбден таяқ жеген алматылық келіншек 9 айлық баласымен жалғыз қалды

24 жастағы алматылық келіншек тоғыз айлық баласын алып, дағдарыс орталығына келген. Айтуынша, күнде күйеуінің жұдырығынан жәбір көріп, шыдамаған соң кетіп қалған.  

Балалар үйінде өскен жас ананың дағдарыс орталығынна басқа барар жері қалмапты. Пәтер кезегінде 147-қатарда тұр. Оған қашан қол жеткізетіні тағы белгісіз.

Алматыдағы қиын жағдайда қалғандарды қолдау орталығын біле сала, келіншек бірден осында келіпті. Алайда ол әлі ашылып үлгермегендіктен, баласымен бірге "Аналар үйіне" жіберілген.

"Менің үйім" қоғамдық ұйымының төрағасы Елена Билоконьнің айтуынша, әлі ашылмаған орталыққа көмек сұрап келетіндер қатары көп екен.

"Мәселен, бізге жақында ғана жас жұп келді. Қыздің аяғы ауыр екен.Олардың басқа барар жері жоқ. Көбіне адамдар тұрғылықты мекен-жайы болмаған соң, медициналық тексеруден де өте алмайды. Әсіресе, АИТВ, қатерлі ісік, туберкулез сияқты дертке қарсы препараттарды тіркеліп алу өте маңызды", - дейді ол.

Айтуынша, көмек орталығына күніне 40-тан астам қоңырау түседі екен. Олардың көбісі зорлық-зомбылық құрбаны болған әйелдер көрінеді.

Еске салсақ, Алматыдағы орталық сәуір айында ашылады деп күтілуде. Әзірге оның ғимараты күрделі жөндеу жқмыстарынан өтуде.

Қоғамдық ұйымының төрағасының сөзіне сүйенсек, халық қазірдің өзінде барын беріп, көмек көрсетіп жатыр екен. Алайда олардың қатары өсіп, қолұшын созатын жандар көбейсе дейді Билоконь.

Орталыққа көмек беркгісі келетіндер үшін байланыс нөмірі: 87014750201 - Эльмира, 87053269701 - Елена.

Дереккөз: NUR.KZ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары