$ 443.85  474.3  4.8

«Бұл қатынның қыз емес екенін жаңа білдім»: Жан Ахмадиев досының үйлену тойында қалыңдықтан бас тартқанын айтты

Сейфуллин көшесіндегі жезөкшелерді қамшымен қуған Жан Ахмадиев енді «пәк қыздарды» түгендей бастапты. Рэпер өз Instagram-парақшасында досының тойында болған жағдайды әңгімеледі. Айтуынша, үйленгелі жатқан қызының «пәк емес» екенін білген бетте күйеу жігіт тойдан бас тартыпты.

«Өткен жылы бір досым үйлену тойында сүйгенінен аяқ асты бас тартты. Дəлірек, той кезінде микрофонды алып, "Мен бұл қатынға үйленбейтін болдым. Бұл с...ка мені алдаған екен» деді. Бəрімізде үн жоқ. Мас болып қалған шығар деп те ойладық. Неге деп сұрағанымызда "Бұл аферисттің қыз емес екенін жаңа білдім, ал маған қыздығын басқа біреуге берген жезөкше керек емес, болды алмаймын бұл қатынды" деп кесіп айтты. Міне, осындай тойға да қатысқанмын», - деп жазады атышулы рэпер.

Жан Ахмадиев қазіргі кезде пәк қызды кездестіру қиын екенін де айтты. Сөйтіп көпшілікке «Қыз бала тұрмысқа дейін қыздығын сақтау керек пе? Әлде бұл маңызды емес пе?» деген сауал тастады. Ал, желі қолданушыларының пікірі түсінікті, бір тарап сақтау керек десе, өзгелері маңызды емес деп, қызылкеңірдек болып айтысып-тартысып жатыр.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары