$ 444.22  476.38  4.82

«Бүркіт қызының кіндігін өзі кесті»: Айша су ішінде қалай босанғанын айтып берді

Танымал әнші Бүркіттің әйелі Айша екі күн бұрын үшінші сәбиін дүниеге әкелген болатын. Қыз баланың бойы – 55 см, салмағы – 4 келі екен. Жұлдызды жұп қыздарына есім әлі таңдап үлгермегендерін айтып отыр.

«Толғағым түнгі сағат үш кезінде басталып, қызымыз таңғы 10:15-те өмірге келді. Бұл жолы босануым біраз қиын болды. Қыз болғаннан кейін толғақ ауыр жүрген болу керек. Бірақ толғағымды арнайы судың ішінде өткіздім. Соның арқасында өзімді тыңдап, баланы сезіне алдым. Бүркіт қызының кіндігін өзі кесті. Алғашында бұл ойымды айтқанымда ол да қарсылық білдірмеді. Өз баласының кіндігін басқа біреуден гөрі әкесінің кескені жақсы емес пе? Әке сәбидің өмір есігін ашуына жол ашады. Ең бастысы қызымыз аман-есен туылды. Біз оны жақсы көреміз және бақыттымыз», - деп әңгімелейді Айша comode.kz порталына берген сұхбатында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары