$ 494.87  520.65  4.91

Салафизмды насихаттаған тәжік имам сотталды

Тәжікстанның Худжанд қаласының соты апта басында мешіттің бұрынғы имамын салафизм идеясын насихаттағаны үшін түрмеге отырғызды. Салафизм ағымына республикада тыйым салынған деп жазады centralasian.org.

Худжанд қаласы сотындағы дереккөздің хабарлауынша, 35 жастағы Абдулло Сайдуллоев 2004-2007 жылдары Сауд Арабиясындағы медреселердің бірінде діни білім алған, елге оралған соң "Сари санг" мешітінің имам-хатибі болып істеген. Мешітке келушілер дін қызметкерінің намазды басқаша оқитынын байқаған.

Мешітке келушілердің бірі сотта Сайдуллоевқа қарсы куәлік етіп, имамның намазды салафиттерше оқитынын және басқаларды солай жасауға шақырғанын айтқан. Сотталушы соңғы сөзден және адвокаттан бас тартты.

Сайдуллоев 2017 жылы қазанда өз үйінде ұсталды. Құқыққорғаушылар оның үйінен тыйым салынған 200 діни әдебиет тәркілеген. Оның екі бауырына іздеу жарияланды. Кейбір мәліметтерге қарағанда, олар араб елдерінің бірін паналаған.

Ресми мәлімет бойынша, 2016 жылы Тәжікстанның Соғды облысында тыйым салынған "Салафия" және "Мұсылман бауырлар" ағымдарына қатысы бар 20-дан астам дін қызметкері ұсталған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары