$ 448.15  483.46  4.86

Ақмола облысында ер адам ғимараттың шатырынан құлап қайтыс болды

Ақмола облысының Степногорск қаласында 39 жастағы ер адам шатырдан құлап мерт болды деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Оқиға 7 мамырда сағат 11:00 шамасында Степногорскідегі кәсіпорындардың бірінде орын алған.

«Қайтыс болған ер адам Степногорск қаласының 39 жастағы тұрғыны болып шықты. Ол кәсіпорындардың бірінің шатырын жөндеп жатқан кезде абайсызда құлап кеткен.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК 156-бабы (Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу) бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деп мәлімдеді Ақмола облысы бойынша ІІД баспасөз хатшысы Әсем Әбдірахманова.

Дереккөз: Stan.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары