$ 498.34  519.72  4.85

Кешірім сұрамаймыз: «Меломен» тобының жігіттері имамдардың да өз жақтарында екенін айтты

Бұған дейін «Меломен» тобының жігіттері Байзақова мен 91 тобын қамшымен сабауға үндеген. Кейін 91 тобындағы Bala-ның анасы меломендіктердің кешірім сұрауын, болмаса сотқа беретінін мәлімдеген. Десе де өнер жұлдыздары айтқандарынан қайтпайтынға ұқсайды.

«Біз «Меломен» тобы Ninety one мен Байзақованың іс әрекеттері үшін: Ұрпағы үшін жанын қиған, елді, жерді бізге аманат етіп тапсырған батыр бабаларымыздан кешірім сұраймыз… Біздер дұрыс тәрбие ұсына алмаған соң, қауіпті тәрбиелермен сусындап өсіп келе жатқан бүлдіршіндерден кешірім сұраймыз… Бауыр еті баласына қандай күйде болса да кір жуытпайтын Ninety one-ның, Байзақованың ата-анасынан кешірім сұраймыз… Ал азғындыққа шақырушылардың өздерінен ешқашан кешірім сұрамаймыз. Тіпті, бүкіл әлем бізге қарсы тұрса да!

Айналайын ата-аналар! Есіктеріңізге ең жақын мешіттерге барыңыздаршы! Сөйтіңіздер де имамнан сұраңыздаршы балаларыңыздың не істеп жүргенін. Егерде сол іс әрекеттері дұрыс «Меломендіктердің» әрекеттері бұрыс десе біз де райымыздан қайтып сіздердің ұл-қыздарыңыздың қолдаушылары болайық. Құдайшылығы осы емес пе ағайын? Сіздер не дейсіздер?» – деп жазды олар желідегі парақшаларына.

Еске сала кетейік, өзін сабауға үндеген жігіттердің дауысы құлағына келе сала Байзақова  «Меломен» тобын сабайтын адам болса, 300 мың теңге дайын» деп мәлімдеме жасаған еді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары