$ 498.34  519.72  4.85

Шымкенттік қыздар «темекі тартпа» дегендерге жауап берді (ВИДЕО)

Шымкенттік қыздар өздеріне «темекі тартпа» деп ақыл айтатындарға видеоүндеу арқылы жауап берді. Әлеуметтік желіге тарап кеткен бейнежазбаны жұрт қызу талқылап жатыр.

Жүздерін көрсетпеген екі қыз ақыл айтушылардан шаршағандарын жеткізген. Артынша дәл телефон камерасының алдында отырып темекінің түтінін будақтатады.

«Тағы да біздер ғой «smotra_shimkent». Шегіп жатырмыз. Сендерге ұнамайды. Бірақ өздерің сондайсыңдар. Маска киіп керегі жоқ, шындықпен өмір сүріңдер. Қазір шылымды намаз оқитын адамға дейін шегеді», - деген қыздар ешкімді тыңдағысы келмейтіндерін айтады.

Сондай-ақ, әлеуметтік желі қолданушыларынан өздерін «Шылым шексең ана болмайсың» деген сөздермен қорқытпауларын сұрайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары