$ 444.22  476.38  4.82

Алматы тұрғыны: «Сейфуллин көшесінде көлікке өзін тастап, ақша істейтіндер бар» (ВИДЕО)

Алматы тұрғыны көлік жүргізушілерін қаладағы Сейфуллин көшесімен өткенде абай болуға шақырды. Айтуынша, Райымбек даңғылы мен Сейфуллин көшесінің қиылысқан тұсында орналасқан көпірде әдейі өздері көліктің астына түсіп, ақша істейтіндер жүр екен. Яғни, осылайша олар жүргізушіден ақша бопсалайтын көрінеді.

«Армысыздар, бауырлар! Мынау Сейфуллина көшесі. Райымбек даңғылына жетпей көпір бар. Осы жерде көлікке өзін әдейі тастап, ақша істейтіндер бар. Олар көліктің келе жатқанын аңдып отырады. Кетіп бара жатқан көлікке секіріп, артынша өзін қағып кеткен жүргізушіден ақша бопсалайды», – деген алматылық тұрғын жүргізушілерді сақ болуға шақырып, видеоүндеу жолдады.

Видеокадрда автор сол жерде көлікке өздерін тастаймыз деп, ұсталып қалған үш жігіттің жүзін анық көрсетеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары