$ 444.22  476.38  4.82

«Бұрын 230 теңге алатын, қазір 1000 теңгеге өсіріпті»: Пойыз билетін кері өткізбекші болған жолаушы теміржол қызметіне шағым айтты (ВИДЕО)

Пойыз билетін кері өткізбекші болған Астана тұрғыны теміржол вокзалындағы "әділетсіздікті" көріп, жағасын ұстады. Айтуынша, бұрын пойыз билетін кері қайтарған үшін 230 теңге ғана алған болса, қазір 1000 теңгеге өсірген. Осы сәтті видеоға түсіріп алған жолаушы, бейнежазбаны Facebook әлеуметтік желісіне жүктеген. 

Видеода жолаушы кассаға билетті өткізбекші болады. Алайда, ол сол кезде ғана кассирден билетті қайтару 1000 теңгеге өсіп кеткенін білген. Ал мұның алдында касса билетті кері өткізгенге 230 теңге ғана ұстап келіпті.

«Ескі теміржол вокзалында болдым. Бір әділетсіздік орын алды. Рельстен шығып кеткен пойыздан кейін барлық пойыздар өз уақытынан кешігіп келіп жатыр екен. Содан билетті кері қайтармақшы болдым. Билетті кері өткізгенге бұрын 230 теңге алатын, ал қазір 1000 теңгеге өсіріп тастапты. Неге барлық жүк халыққа артылады? Пойыздың рельстен шығып кеткеніне халықтың не кінәсы бар? Енді сол үшін бізден ақша жинап жатқаны ма? Өз қалталарын қашанғы ойлай бермек, басқа да адамдар бар ғой», – деп жазған жолаушы видеоның астына.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары