$ 494.87  520.65  4.91

«Үй алуға көмектесіңіздерші... : Көпбалалы ана бес баласымен далада қалуы мүмкін

Көпбалалы ана Орал қаласындағы «Жұлдыз» ықшамауданында екі бөлмелі пәтерді жалдап тұрып жатыр деп жазады «Мой город».

Бақытгүл Қажымованың бес баласы бар. Балалары: Теміржан - 15 жаста, Әдемі - 13, Ахмад - 10, Таңшолпан - 5, ал ең кіші қызы Айзере 3 жаста екен.

Күйеуі Бақытгүлді жиі ұратын болыпты. Ол ұзақ уақыттан бері "таяққа" шыдап келген. Алайда, ер адам балаларын ұра бастаған соң, амал жоқ, ажырасып тыныпты.

«Күйеуім маған жиі қол көтеретін. Қашан көрсең денем көгеріп жүретін. Мен ұзақ жыл бойы оның тепкісіне шыдап келдім. Бірақ, балаларды ұра бастаған соң, оған төзе алмадым. Бір күнде балаларымды ертіп үйден кетіп қалдым. Күйеуімнің өз үйі бар. Баспананы үйленбей тұрып сатып алған соң, мен үйге мен таласа алмаймын. Қазір екі бөлмелі жер үйді жалдап тұрып жатырмын. Пәтерге айына 30 мың теңге және жарық пен газға бөлек төлеймін», – дейді Бақытгүл.

Көпбалалы әйел базарда көкөністер сатады. Күндіз балаларға анасы қарайды екен. Ақшадан әбден қысылған уақытта да әке-шешесінің үйіне бара алмайтынын айтады. Өйткені ол үйде келіні мен інісі бала-шағасымен тұрады. Сол үшін де басыңда баспана болмаса қиын дейді көпбалалы ана.

Бақытгүл айына 60-70 мың теңге табыс табады. Бар жалақысы пәтерге, одан кейін балалардың тамағына кетеді. Одан қалса, ай сайын төлейтін несиесі бар.

«Күйеуім осы уақыт ішінде бір көмектескен емес. Тіпті алиментті де төлемейді. Ол ішімдікке салынып кеткен. Адамдардан ештеңе сұрамаймын. Мен тек баспананың жоқтығынан қиналамын. Маған ипотекаға не болмаса несиеге үй берсе деймін. Өзім қайтсем де төлейтін едім. Тек үйім болса деп армандаймын. Ай сайын төлейтін несием бар. Оны балаларымды мектепке дайындау үшін алған болатынмын. Жақында төлеп бітіремін. Бірақ күзде оқу басталғанда тағы да несие алуыма тура келеді», – дейді көпбалалы ана.

Үкімет жер берсе өзім үй соғып алатын едім деген Бақытгүл бірнеше жылдан бері жердің кезегіне тіркеліп қойған. Десе де, қаладан халыққа жер беруді біраз уақыттан бері тоқтатып тастаған екен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары