$ 443.37  474.49  4.83

Ақтөбеде үйлену тойында жастар аспанға оқ атты (ВИДЕО)

Ақтөбе облысы Шалқар ауданында болған үйлену тойында жастар кезекпен аспанға оқ атты. Осынау сәттегі видео желіде жүр.

Бұл оқиға үйлену тойынан кейін болған. Жастар болып ауданның шетіне шыққан олар таңды қарсы алмақшы болғанға ұқсайды.

Жастар өздерімен бірге мылтық ала шыққан. Сөйтіп бір-бірімен кезектесе  олар аспанға оқ атады.

Бұл ретте желі қолданушылары аспанға оқ ату дәстүрі қазақтың салтында жоғын айтып, мылтық ұстаған жастарды сынап тастады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары