$ 443.85  474.3  4.8

Ақтөбеде полицейлерге сес көрсеткен «сақалды» жігіттердің нашаға мас болғаны анықталды

Ақтөбеде тәртіп сақшыларына жұдырық ала жүгірген егіз жігіт ұсталды. 32 жастағы ағайындылар есірткіге елітіп алған көрінеді. Әлеуметтік желі арқылы тараған роликте сақалды екеу шахид болатындарын айтып, полицейлерге тарпа бас салған деп мәлімдеді КТК телеарнасы.

Тәлтіректеп жүрген екеуді тәртіп сақшылары қаладағы мекемелердің бірінің кіреберісінен ұстап алады. Ағайынды Кенбаевтар өздерінің не істеп жүргенін білмеген. Олар бұрыннан есірткі қолданғаны үшін наркодиспансерде есепте тұрады екен. Жартылай жалаңаштанып алған үлкені «Алаху акбар» деп полицейлерге қарсы шықса, екіншісі автоматтың дауысын салып қарап тұрыпты. Әйтсе де, Ішкі істер департаментіндегілер олардың жат ағымның жетегінде кеткендердің тізімінде жоқ екенін айтады. Қазір егіздің бір сыңары қамауға алынды. Ал екіншісін қолхатпен босатыпты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары