$ 448.15  483.46  4.86

Қарағандыда нанның арасынан тышқанның кесілген құйрығы шықты

Қарағандыда нанның ішінен тышқанның кесілген құйрығы шықты. Бұл туралы  Instagram әлеуметтік желісіндегі denski_blog тобында жарияланды.

Автордың айтуынша,  тандыр нанның жарты бөлігінен тышқанның құйрығы шыққан.

«Нан Қарағандыдағы базарлардың бірінен сатып алынған. Тандыр нанын үйлену тойға деп алған екен. Тойдан кейін үйге алып келген. Бірақ таңертең келіннің жеп отырған нанынан тышқанның құйрығы шығыпты», – деп жазылған суреттің астына.

Олар бірден қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына хабарласқан. Алайда, нанды базардан сатып алғандықтан ештеңе дәлелдей алмапты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары