$ 458.48  534.68  5.43

Домбыраның құлағында ойнаған украиналық бүлдіршін көпті тәнті етті (ВИДЕО)

Орындаған күйі — “Ерке сылқым!

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Әлеуметтік желіде украиналық баланың домбырада қазақтың әйгілі «Ерке сылқым» күйін орындаған видеосы көпшілікті тәнті етті. Бейнероликті баланың анасы жариялаған. Оның айтуынша, видео Астанада Украина Тәуелсіздігі күнін тойлау кезінде түсірілген, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Анасының сөзінше, ұлы Қазақстанға көшіп келгеннен кейін қазақтың ұлттық аспабына бірден қызығушылық танытқан.

«Менің украиналық ұлым Украина тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай домбырада күй орындады. Астанаға көшіп келгеннен кейін ол осы аспапқа қатты қызығып, ойнауды үйренді. Енді бізді әдемі әуенімен қуантып жүр. Бар болғаны екі ішекті аспаптан қандай ғажап әуен шығады! Орындаған күйі — “Ерке сылқым”», — деп жазды анасы Threads желісіндегі парақшасында.

Жас музыканттың әсерлі орындауы әлеуметтік желі қолданушыларының назарын бірден аударды. Пікір білдірушілер баланың талантына тәнті болып, оның қазақтың ұлттық мәдениетіне деген құрметін жоғары бағалады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0