Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар

26.10.2018, 12:17

Сирияда қазақстандық үш әйел өз жерлестері мен кішкентай баланы өлтіріп, өздері де ажал құшты

Сирияда қазақстандық үш әйел өз жерлестері мен жеті жасар баланы өлтіріп, өздері де ажал құшты. Олар осылайша Сириядан Түркияға қашпақшы болған деп жазады Аktobetimes.kz.

6 қазақстандық Сириядан қашып, Түркияға келуді жоспарлаған. Алайда ақшаның тапшылығынан олар өз жерлестері мен 7 жасар баланы еш аяусыз өлтіреді. Сөйтіп ортақ жиналған ақшаны алып, «Халифат» мекенінен қашпақ болған. Бірақ, ДАИШ содырларына ұсталған олар да өлтірлді. Қашуды жоспарлаған қазақстандық үш қызды жауынгерлер шариғат сотына өткізген.

Өз жерлестерін және баланы өлтіріп, Сириядан қашпақшы болған қыздардың екеуі ақтөбелік болса, біреуі Тараздың тумасы екен.

Осындай жағдайлардан кейін-ақ «Халифаттың» шынайы бейнесі анық бола бастады. Сирияда ешқандай да жұмақ өмір болмайтынын ол жаққа барғандар енді түсінген. Әрқайсысының өмірі үшін жанталасуы Сириядағы жағдайдың қазір қандай екенін көрсететіндей. Өйткені жерлестеріміз Гүлбану (діни есімі – УммМариям), Дарина (УммМуса) және тараздық – Салтанат (діни есімі – УммАтика) елге оралу үшін еш аямастан жеті жасар баланы өлтіруге дейін барды.

Дереккөздердің мәліметіне сүйенсек, Сирияға Қазақстаннан кеткен азаматтар саны 800-ге жеткен. Осы жылдың шілде айындағы ақпарат бойынша ол жаққа – 120 ер адам, 250 әйел, 500 кәмелет жасқа толмаған балалар кеткен.

 

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.