$ 448.56  478.03  4.79

Қостанайда ер адам автобуста дәрет сындырды (ВИДЕО)

Қостанайда ер адам автобустан шықпай жатып дәрет сындырған. Осынау сәттегі видеоны куәгерлер видеоға түсіріп алған деп жазады Alau.kz.

Бейнежазбада ер адамның автобус баспалдағында теріс қарап тұрғаны көрінеді. Автордың айтуынша, ол дәрет сындырған. Кадр сыртында ер адамның бұл әрекетіне ашу білдірген дауыс естіледі.

«Әрине, өте ыңғайсыз жағдай екен. Біз автобус жүргізушілеріне жиналыс ашқанда не керек екенін олардан сұраған болатынбыз. Сол кезде соңғы аялдама болатын Дружба ауылына әжетхана орнатып беруді сұрады. Өтініштерін орындадық. Енді не жағдай болғанын анықтап, сол аялдамаға әжетхана қойып береміз», - дейді Қостанай қалалық әкімшілігінің тұрғын үй коммуналдық қызметінің жолаушылар транспорты мен автокөлік жолы бөлімінің басшысы Алексей Тарасов.

Сондай-ақ, ол автобуста дәрет сындырған ер адамға қатысты жаза қолданатынын айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары