$ 447.4  477.55  4.76

Астанада 60-тан асқан қария 8 жасар немересін зорлаған

Астанада 60-тан асқан қария 8 жасар немересін зорлағаны үшін сотталды. Ол бас қалаға Қызылордадан жұмыс істеуге келген ұл-келінімен бірге тұрған. Алайда, немересін бағып-қағудың орнына біршама уақыт бойы ойына келгенін істепті.

Пайғамбар жасынан асып, немересін қорлаған азғын заң алдында жазасын алды. Соңғы кездері өршіп кеткен бала зорлығына неге тосқауыл жоқ? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

«Енді қазақпыз ғой, өткенде мен ештеңе айта алмадым. Ұмытып қалдым айтатын сөзімді. Біз қазақ емеспіз бе? Қазақшылыққа салынып, қазақшылық қой. Бір рет кешіруге болмай ма? Болады ғой. Қазақпыз ғой», – дейді ақсақал сот залында.

Айыбын жоққа шығармаған қарт соңғы сотта айылын жимады. Тіпті, «қазақпыз ғой» деп өзін кешіруін сұрап ақталды. Алайда, ол өз немересіне бір емес, бірнеше рет тиіскені белгілі болды. Атасының әрекетін түсінбеген кішкентай қыз әке-шешесіне бар шындықты жайып салыпты. Содан бері бұл іс бір ай бойы сотта қаралған.

Нәтижесінде зейнеткер кәмелет жасына толмаған қызға азғындық әрекет жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 17 жылға бас бостандығынан айырылды.

Психологтың пікірінше, қазір бұндай азғындар қатары тым көбейіп барады. Себебі,туған-туыстарына, ең сорақысы бүлдіршіндерге ауыз салатындардың есі дұрыс деуге мүлдем болмайды дейді. Ал, қоғам белсендісі бұндай жайттың осы жылы күрт артқанын айтып, жағасын ұстады.

«Бұны сөзбен түсіндіру де қиын. Біз түрлі жағдайларға тап болып, шешімін табуға көмектестік. Бірақ, ересектердің балаларды зорлауы шектен шыққан әрекет. Тіпті, туған әкесі 4 жастағы қызын зорлағанына куәгер болдық. Түрмеге тоғыту, бас бостандығынан айыру олар үшін жеңіл жаза деп ойлаймын», – дейді қоғам белсендісі Аружан Саин.

2017 жылдың алғашқы жартысында кәмелетке толмаған балаларды зорлау фактісі ретінде 326 құқықбұзушылық оқиға тіркелген. Ал, өткен жылдың соңғы айларында бұл көрсеткіш 33 пайызға күрт өсіпті. Ал биыл жыл басталмай жатып келеңсіз оқиғалар белең алуда. Бүлдіршіндерді зорлау бойынша алдыңғы қатарда Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау және Алматы облысы көш бастап тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары