$ 449.58  486.94  4.86

«Кешірім сұра»: Өз қатарластарын қорлаған қыздардың видеосы желіде тарап кетті (ВИДЕО)

Өз қатарластарын қорлаған қыздарадың видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті.

Бейнежазбада бір топ жеткіншек үш қызды тізерлетіп отырғызып, өздерінен кешірім сұрауын талап етеді. Олар қатарластарын жан-жағынан қоршап алған. Арасында біреуінің басынан түртіп, ұрмақшы болады.

Видео бар-жоғы 2 минутқа созылады. Оқиға еліміздің қай өңірінде болғаны белгісіз. Қыздар студент немесе жоғары сынып оқушыларына ұқсайды.

Қазіргі уақытта ҚР ІІМ бұл видеоны тексеруде.

«Бейнежазбадағы өз қатарластарын қорлаған бір топ қызға қатысты тексеру жұмыстары жүргізілуде. Олардың әрекеті бұзақылыққа жатады. Жеткіншектердің аты-жөндері анықталатын болады», – деді ҚР ІІМ-нің Ішкі және сыртқы байланыс директоры Алмас Садубаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары