#төтенше жағдай #тарих #Президент #Астана #спорт #Алматы #шоу-бизнес #Оқу-ағарту министрлігі #Бас прокуратура #білім беру #Ғани Бейсембаев #ас беру #Рахат Тұрлыханов #комикс #комикстер #Нұрәлі Әлиев #мойын тастар #қой #Майқайың #Смағұл Елубай #Нағима Есқалиева #Тина Канделаки #Елнұр Бейсенбаев #шугаринг #Санжар Тәшкенбай #Странджа Кубогы #қылыш #Қылыш #Қатар мемлекеті #Олжас Бектенов #Жайлы мектеп #ұлттық жоба #сапалы білім #сайттар #есту #көру #Ермұрат Бапи #әкелер #отағасы #Асқар Жұмабеков #хат #ману #сабаншы мысығы #паллас мысығы #манул #криптовалюта #Қазақтан шыққан тұңғыш режиссер қыз #алқабилер #Дала қырандары #жасанды интеллект #суперкомпьютер #жедел желі #зардап шеккендер #залал #Ұлттық гидрогеологиялық #«Қазгидрогеология» #Сырым Әуезхан #Салтанат Нүкенова #Бақытжан Байжанов #чемодан #кірпі #үш жігіт #тоқалдарға арналған чемодан #қазақ жігіт #Күләш Байсейітова #бухгалтер #есепші #Қазақстандық файтер #UFC #ChatGPT #Жаслан Мәдиев #тозақ #Аманжол Рысмендиев #әйгерім есенәлі
$ 479.38  531.63  5.27

1 млн теңгенің иесін іздеп шарқұрған жігіт өзінің өтірік айтқанын мойындап, кешірім сұрады (ВИДЕО)

Апта басында 1 млн теңгеден астам ақша тауып алғанын айтып, әмиян иесін іздеген жігіт күні кеше істеген ісіне өкінетінін айтып, көпшіліктен кешірім сұрады. Оның бұл видеосын қайырымдылық жасап көзге түскен блогер Айдын Тоқсанбаева өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады. 

«Мен Закир Рауан. Істеген ісіме өкіндім. Бұл нәрсені не үшін жасағанымды білмеймін. Мен өтірік алдадым. Бұл әпкемнің ақшасы болды. Сондықтан халықтан кешірім сұраймын. Дұрыс жасамадым», - деп ол Айдын Тоқсанбаева, 31-арна және 7-арнадан шығатын «Өз ойым» бағдарламасынан кешірім сұрады. 

Еске сала кетейік, 20 қаңтар күні Алматыда Рауан Закир 1 млн теңгеден астам ақшасы бар қызыл әмиян тауып алғанын айтып, Айдын Тоқсанбаеваға хабарласқан. @janym_baklajanym лақап атымен танылған Тоқсанбаева желідегі парақшасына хабарландыру жазып, әмиян «иесіне» іздеу салған.  Кейін Рауаннан 31-арна сұхбат алып, «Өз ойым» бағдарламасы да қонаққа шақырған еді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары