Шымкентте ер адам жүкті кондутор әйелге қол көтерді. Осынау сәттегі видео Instagram әлеуметтік желісіндегі «Критика Шымкент» тобында жарияланған.
Автордың айтуынша, №48 және №5 автобустарының кондукторлары бір-бірімен сөзге келіспей қалған. Ұрыс кезінде басқа автобустың кондукторы жүкті әріптесіне қол көтеріпті. Тура аялдама алдында төбелескен әйел мен ер адамды жұрт әрең ажыратып алған.
Екі автобустың кондукторы аялдамадағы жолаушыларға таласып қалған. Бейнежазбада әйел автобусқа кіріп кеткенімен, ер адам оны артынан қуып далаға шақырғаны көрінеді. Ол ашуын баса алмай, жүкті әйелге аузына келгенін айтады.
Қызмет көрсету компаниясы директорының орынбасарының айтуынша, екі автобус жүргізушісі мен аялдамада төбелескен екі кондуктор да жұмыстан қуылған.
Бұл кезекте желі қолданушылары жүкті әйелге қол көтерген ер адамға ашуланып, оны жазалау керектігін жазуда.
Дереккөз: otyrar.kz