Астаналық тұрғыны Гүлден альфонс жігіттің құрбаны болған. 7 ай бойы «сүйіктісімен» бірге тұрған ол осы уақыт аралығында бас-аяғы 6 млн теңгесінен айрылып қалып отыр деп жазады NUR.KZ.
Гүлден 10 жасар баласымен пәтер жалдап тұрады. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне қаржысын бірнеше жыл жинап келген одан жігіті 1 млн теңге сұрайды. Бұл әрекетін ол косметика сататын кәсіпке жұмсайтынын, қаржыны бірнеше есе қайтарып алатынын айтады. Кейін 3 жарым млн теңге сұрайды. Ол да жетпеді деп әйелге несие де алғызады.
Алаяқ жігіт таңертең сағат 9-дан кешкі 18:00-ге дейін жұмыстамын деп кетеді екен.
Тек қана ақша алып, үйіне бір тиын әкелмеген «сүйіктісіне» Гүлден қатты ашуланады. Тәлкібаев та қызумен үйден шығып кетіп, содан қайта оралмайды. Гүлден жігітті іздеп, әпкесіне барып, сол арқылы оның әйелін табады. Сөйтсе, күйеуім деп қойнына жатқызып жүрген адам басқа отбасының отағасы боп шығады. Тіпті бір қыз бала тәрбиелеп отыр екен.
Полицияға шағымданған Гүлден өзі сияқты тағы 2 қыздың алданғанын білген. Астаналық әйел алаяқтың арбауына басқалары да түспес үшін оның қатаң жазалануын қалайды.