$ 444.22  476.38  4.82

Солтүстік пен Оңтүстік Корея басшылары екі елдің шекарасына ағаш отырғызды

КХДР жетекшісі Ким Чен Ын мен Корея Республикасының президенті Мун Чжэ Ин екі ел шекарасына бейбітшілік белгісі ретінде қарағай отырғыздыдеп жазады Азаттық.

Өскін алынған ағаш 1953 жылы отырғызылған: сол жылы екі корей мемлекеттері арасында жүз мыңдаған адам өлген үш жылдық соғыс аяқталып, бейбіт келісімге қол қойылған.

Екі корей мемлекеттерінің басшылары ағаштың тамырын түбектің түрлі аймақтарынан: солтүстіктегі Пэктусан тауы мен оңтүстіктегі Халласан тауынан әкелінген топырақтармен көмді. Ким Чен Ын мен Мун Чжэ Ин одан соң екі елдің астаналары арқылы өтетін Тэдонган және Ханган өзендерінің суымен суғарды.

Кездесуді ұйымдастырушылар бұны Корея мен оның халқының бірлігінің белгісі, Солтүстік пен Оңтүстіктің болашақта қосылуға ұмтылуын көрсетеді деп түсінеді.

Жұма күні Ким Чен Ын Пханмунджом шекара пунктінде шекара сызығын аттап өтіп, Оңтүстік Кореяға барған алғашқы КХДР басшысы атанды. Бұның алдында ол Мун Чжэ Инмен қол алысты. Олардың амандасуы шамамен 30 секундқа созылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары