$ 498.34  519.72  4.85

Ұлттық экономика министрінің орынбасарлары тағайындалды

ҚР үкіметінің қаулысымен Мәдина Жүнісбекова мен Дана Жүнісова ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды деп хабарлайды Primerminister.kz.

Мәдина Серікқызы Жүнісбекова Алматы қаласында дүниеге келген. М. В. Ломоносов атындағы ММУ, Париж I Пантеон – Сорбонна университетін, Пантеон – Ассас университетін тәмамдаған. "Болашақ" бағдарламасының стипендиаты.

Еңбек жолын 2010 жылы бастаған.

2010 – 2012 жылдары коммерциялық секторда жұмыс істеді.

2012 – 2014 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы хатшылығының инспекторы лауазымын атқарған.

2014 жылы — ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі.

2014 жылдың маусымынан қазіргі кезге дейін ҚР Премьер-министрі кеңсесінің Ақпараттық-талдау орталығының меңгерушісі қызметін атқарды.

"Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған.

ҚР Үкіметінің қаулысымен Дана Бейсенқызы Жүнісова ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұған дейін вице-министр лауазымында Бауыржан Бекешев болған еді, ол басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды.

Дана Жүнісова 1985 жылы мамыр айында Целиноград қаласында дүниеге келген. 2006 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін тәмамдаған. Мамандығы бойынша — экономист.

Еңбек жолын 2003 жылы бастаған.

2003–2011 жылдары "ҚТЖ" ҰК" АҚ, "Астана–Финанс" АҚ, "2011 жылғы 7-қысқы Азия ойындарын ұйымдастыру комитетінің атқарушы дирекциясы" АҚ жұмыс істеген.

2012–2013 жылдары — "Құлагер ҚК" ЖШС Жобаларды басқару департаментінің менеджері, "Атамекен" Одағы" ҚҰЭП Тариф қалыптастыру департаменті директорының орынбасары.

2013 жылдың қазан айынан бастап қазіргі кезге дейін "Атамекен" ҰКП басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары