Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар

18.09.2018, 19:04

Алматы әкімі Германияның сыртқы істер министрімен кездесті

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Германия Федеративтік Республикасының сыртқы істер министрі, бундестаг депутаты Нильс Анненмен кездесті. Тараптар сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстар мәселелерін талқылады деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Мегаполис басшысы Алматы қаласы мен Германия арасындағы тауар айналымының оң динамикаға ие екендігін жеткізді. Алматыда немістің «ақылды» технологиясы мен инновациялық құрылымдарына, сонымен қатар германдық бизнесті қала экономикасына тартуға қызығушылықтың үлкен екенін айтты.

ГФР-ның сыртқы істер министрі өз кезегінде Қазақстан мен Германияны стратегиялық серіктестіктің жақындата түсетінін атап өтті. Ол биылғы күзде Алматыда өтетін жыл сайынғы «Қазақстандағы Германия экономикасының күндері» бизнес-форумының екі ел арасындағы іскерлік байланысты одан әрі нығайтуға ықпал ететінін айтты.

Нильс Аннен қаладағы жаяу жүргінші және көлік инфрақұрылымын модернизациялауды атап өтті.

«Өзімнің туған қалам Гамбургте BRT жүрдек автобустар желісі жүзеге асуда, қоғамдық көлік дамуда. Мұның барлығы бизнес және инвесторлар үшін қаланы барынша тартымды етеді, жаңа офистер ашуға құлшындырады әрі қала тұрғындары үшін өте ыңғайлы»,- деді ол.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.