$ 444.22  476.38  4.82

«Нұр отан» партиясы Жезқазған қалалық филиалының ХХVІ есеп беру-сайлау конференциясы өтті

Жезқазған қаласындағы «Нұр Отан» партиясының ғимаратында, «Нұр Отан» партиясы Жезқазған қалалық филиалының кезекті ХХVІ есеп – беру сайлау конференциясы өтті. Күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралады.

1. «Нұр Отан» партиясы Жезқазған қалалық филиалының төрағасын сайлау туралы;

2. 2017-2018 жылдарындағы Жезқазған қалалық филиалы Саяси кеңесінің жұмыс қорытындысы туралы есеп және ҚР Президенті, партия көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты 2018 жылғы 5 қазандағы Жолдауын насихаттау және жүзеге асыру бойынша Жезқазған қалалық партия ұйымының міндеттері туралы;

3. Жезқазған қалалық партия филиалы Саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу туралы;

4. «Нұр Отан» партиясы Қарағанды облыстық ХХХ –шы есеп беру - сайлау конференциясының делегаттарын сайлау.

Конференцияны «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Гүлмира Қаженова жүргізу тізгінін қолына алды. Мандаттық комиссияны хабарлаған кейін, бірден қалалық филиадың төрағасын сайлады. Сонымен «»Нұр Отан» партиясы Жезқазған қалалық филиалының төрағасы боп шаһар басшысы Қайрат Баяндыұлы Бегімов бір ауыздан сайланды. Төрағаның бірінші орынбасары Г.И.Каженова ҚР Президентінің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауының мән – маңызын, оны іске асыру Жезқазған қалалық партия ұйымының міндеттері туралы және 2017 – 2018 жылы «Нұр Отан» партиясы Жезқазған қалалық филиалының Саяси кеңесінің жұмыс қорытындысы туралы, атқарылған ауқымды жұмыстар жайлы кең көлемді есеп берді. Жезқазған мәслихатының депутаттық фракция жетекшісі Светлана Жұмкина, «Ютария » БПҰ төрайымы Тұрсынай Ибадатова, «Нұр Отан» партиясы жанындағы Жезқазған аймақтық «Жас Отан» ЖҚ атқарушы хатшысы, жас көшбасы Абай Бағчай 5 қазандағы жаңа Жолдауға терең тоқталып, бас партия мүшелері белсенді болып, Елбасы артқан сеніммен тың бастамаларды орындауда бар ақыл – парасатымыз салып орындауға міндеттіміз деді. Келесі сұрақтар бойынша Жезқазған қалалық партия филиалы Саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізіліп, жаңа кеңес құрамы бір ауыздан сайланды. Сонымен қатар «Нұр Отан» партиясы Қарағанды облыстық ХХХ-шы есеп беру-сайлау конференциясының делегаттары Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары Зина Жұманазарқызы Ақылбекова, «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Гүлмира Қаженова, «Нұр Отан» партиясы жанындағы Жезқазған аймақтық «Жас Отан» ЖҚ атқарушы хатшысы, жас көшбасы Абай Бағчай сайланды. Конференция соңы марапату сәтімен жалғасты. Еліміздің өсіп – өркендеуі жолында өлшеусіз үлес қосып жүрген, іскер әрі жомарт, бүгінде республикамызға танылмал тұлғалар «Ютария-ЛТД» ЖШС бас директоры Сәуле Шәуенова мен мәрт меценат Бекзат Алтынбеков «Қоғам қайраткері» төс белгісімен марапаттаалды. «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың саясатын және партияның баңдарламалық мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға, еліміздің қоғамдық –саяси өміріне белсенді қатысып жүрген Эльвира Алпанбаева, Дархан Мұхан, Мұрат Райымбеков, Дәулет Сұлтансейітов, Дарья Семенова облыстық партия төрағасының Алғыс хатын иеленді.

Сондай-ақ, бір топ жас жаңа мүшелікке қабылданып, партия билеттерін салтанатты түрде алды.

 

 

 

Ізтөлеу ТҮСІПОВ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары