$ 498.34  519.72  4.85

Петр Порошенко сотталуы мүмкін

Украинаның президенті Петр Порошенко сотталуы мүмкін, деп хабарлайды dni.ru.

Президенттік сайлаудан жеңіліс тапқан Петр Порошенко жаңа мемлекет басшысының инаугурациясына дейін өз қызметін атқара береді. Алайда, президенттіктен кеткен соң Порошенко елге қауіп төндіруі мүмкін дейді жергілікті сарапшылар.

Украинаның бас прокурорының бұрынғы орынбасары Ренат Кузьминнің мәліметінше, Порошенко өте қауіпті саясаткер. Оның айтуынша, ол жаңа президент Владимир Зеленскидің жұмысына барынша зиян келтіріп, артынан Ресеймен ынтымақтастығы бар деп айыптауы әбден ықтимал.

Прокуратура Еуромайданға қатысты Петр Порошенкодан жауап алмақшы болған. Бірақ президент тергеуге барудан бас тартқан. Осыған байланысты Кузьмин В.Зеленскиге шұғыл түрде шешім қабылдауды ұсынды. Жаңа президент бұл мәселеге қатысты әлі мәлімдеме жасамады.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары