$ 444.22  476.38  4.82

Әлемдегі ең бай футбол клубтарының көшін «Манчестер Юнайтед» бастады

Forbes журналы әлемдегі ең дәулетті футбол клубтарының тізімін жариялады. Көштің басын ағылшынның «Манчестер Юнайтед» командасы бастап тұр.

Басылымның мәліметінше, манчестерлік клубтың құны 3,69 млрд долларды құрайды екен. 2015-2016 жылғы маусымдағы команданың таза пайдасы 765 миллион долларға дейін жеткен.

Ал, былтырғы көшбасшы мадридтік «Реал» болса тек үшінші орынға табан тіреген. Команданың жиған бар дәулеті 3,58 млрд долларды құрап отыр. Екінші орынға 3,64 млрд доллары бар каталондық «Барселона» жайғасқан.

Forbes сарапшылары түзген рейтингке сәйкес, әлемнің ең дәулетті 10 футбол клубының тізімі мынадай:

1. "Манчестер Юнайтед" (Англия) - 3,69 миллиард доллар.
2. "Барселона" (Испания) - 3, 64.
3. "Реал" (Испания) - 3,58.
4. "Бавария" (Германия) - 2,71,
5. "Манчестер Сити" (Англия) - 2,08.
6. "Арсенал" (Англия) - 1,93.
7. "Челси" (Англия) - 1,85.
8. "Ливерпуль" (Англия) - 1,49.
9. "Ювентус" (Италия) - 1,26.
10. "Тоттенхэм" (Англия) -1,06.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары