$ 444.22  476.38  4.82

Алматы марафоны кезінде 18 жастағы бозбала қайтыс болды

Алматыда жүгіру жарысына қатысқан жігіт мерт болды деп жазады Tengrinews.kz. Жүгіруден жарыс кезінде астаналық 18 жастағы Максим Королев қайтыс болды. Ол Санкт-Петербург гуманитарлық университетінің Алматыдағы филиалының студенті.

Жанкүйер ретінде келген группаластарының айтуынша, қаза тапқан жігіттің "күрес пен самбодан" ҚР спорт шебері кандидатының квалификациясы бар, кросстан қалалық спартакиаданың жүлдегері (1 орын). Куәгерлердің айтуынша, мәреге бір квартал жетпей Абай көшесімен жүгіріп келе жатқан жігіттің жағдайы кенеттен өзгерген.

Оқиға болған жерге үш минуттан соң келген жедел жәрдем бригадасы өлімді растады. Дәрігерлердің айтуынша, жігіттің қайтыс болу себебі сот-медициналық сараптама негізінде белгілі болады, ал оның нәтижесін таяу арада туыстары хабарлайды. Ұйымдастырушылар туыстарымен байланысып, көңіл айтты, олар ата-анасының Алматыға келуін қамтамасыз етеді.

"Смелость быть первым" корпоративтік қорының директоры Салтанат Қазыбаеваның айтуынша, әдетте барлық қашықтықтың жүгіру жолы Ішкі істер департаментімен бірге мұқият ойластырылады. Жедел жәрдем станциялары және әр тамақтану пунктісінде медицина персоналдары алғашқы көмек көрсету үшін жұмыс істейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары