$ 444.22  476.38  4.82

Сауль Альварес британдық Рокки Филдингті нокаутпен жеңді

Кәсіпқой бокстан орта салмақтағы әлем чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес екінші орта салмақтағы алғашқы жекпе-жегін жеңіспен бастады. Нью-Йорктегі Madison Square Garden кешенінде өткен бокс кешінде Альварес британдық Рокки Филдингті нокаутпен жеңіп, WBA чемпиондық белбеуін иеленді.

Мексикалық боксшы өзінен әлдеқайда ұзын қарсыласын қиындықсыз жеңді. Небәрі үш раунд ішінде Рокки Филдинг төрт рет нокдаун алып, рингтегі рефери жекпе-жекті уақытынан бұрын тоқтатуға мәжбүр болды.

Осылайша Сауль Альварес үш салмақ дәрежесінде: алғашқы орта, орта және екінші орта салмақта әлем чемпионы атанып отыр.

Еске салайық, "Канело" чемпиондық белбеулерінің бәрін қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннен "тартып" алған болатын. Биыл қыркүйекте өткен кездесуде төрешілер шешімімен Альварес жеңімпаз деп танылған еді. Алайда, әлемдік бокс сарапшыларының көпшілігі төрешілер шешімі бұрмаланған, жеңіске қазақстандық боксшы лайық болған деген пікірлерін айтып жатты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары