Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар

13.02.2018, 14:43

"Абу-Даби Плазада" істейтін 62 жұмысшы Бас прокурорға арыз жазды

Sputnik Қазақстан

ҚР ЕХӘҚМ Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, көші-қон комитеті төрағасының орынбасары Төлеген Оспанқұлов "Абу-Даби Плаза" кешенінде құрылысшылардың жұмысынан айырылуына қатысты түсініктеме берді деп жазады Sputnik Қазақстан.

"Абу-Даби Плазада" істейтін төрт компанияның 62 жұмысшысы Бас прокуратураға шағымданды. Олардың шағымы негізінде Астана мемлекеттік еңбек инспекциясы құрылысшылардың жұмыстан шығарылуы қаншалықты заңды болғанын анықтау үшін тексеріс бастады. Осы тексеріс нәтижесінде қанша адам жұмысынан айырылғаны және оның заңды-заңсыз екені анықталады", — деді Оспанқұлов.


Сондай-ақ ол өтемақы жұмыс беруші қол астындағы қызметкерді өз бастамасымен шығарған кезде ғана төленетінін атап өтті. Ал "Абу-Даби Плаза" құрылысшылары жұмыс орындау мерзімінің аяқталуына байланысты жұмысынан айырылып отыр. 

"Біз жұмысшылармен де, жұмыс берушілермен де кездестік. Аталған жұмысшыларға өтемақы қарастырылмағаны түсіндірілді. Бірақ жағдайды ескере отырып, жұмыс берушілер жұмысынан айырылғандарға сыйақы немесе материалдық көмек беру бойынша әлеуметтік міндеттемені өз мойнына алды", — деді Оспанқұлов. 

Оның айтуынша, сома мөлшері 50 мың теңгеден кем болмауы тиіс.

Пікір қалдыру үшін әлеуметтік желі арқылы кіріңіз

     
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

DivideGroup — сайт әзірлеуші

©2016-2018 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

    Яндекс.Метрика