16.04.2018, 18:10

«Жер шеруіне» қатысты деп сотталған Талғат Аян бостандыққа шықты

Tengrinews.kz

Белсенді Талғат Аянның (Аянов) жазасы жеңілдетілді деп мәлімдейді қалалық соттың баспасөз қызметіне.

Ақтөбе қалалық № 2 соты Талғат Аяновтың бас бостандығынан айыру үкімінің өтелмеген жазасын бас бостандығын шектеу жазасына алмастыру арызын қарастырды.

«Сотқа арыз берілген 2018 жылы 15 наурызда Т.Т. Аянов ҚР Қылмыстық кодексінің 73-бабы 2-бөлігі бойынша кесілген жазаның үштен бір бөлігін өтеген. Тәртібі дұрыс, жазасын өтеу барысында бекітілген тәртіпті бұзбаған, тәртіптік шараларға тартылмаған, қайта жақсы жақтарымен көрінген тұстары болған. Ол еңбек пен өткізілген шараларға белсенді түрде қатынасқан, тәртібі бірінші деңгейлі жақсы деген баға берліген, жазасын өтеу жеңілдетілген шарт бойынша өтеген. Ақтөбе қалалық № 2 соты 2018 жылы 13 сәуірде сотталушының арызын қанағаттандырды», — делінген сот баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сот мәліметінше, Талғат Аянның өтелмеген мерзімі (үш жыл бір ай және 16 күн) бас бостандығы шектелу жазасына ауыстырылып, пробационалдық бақылауда болады.

2016 жылы Атырау қалалық № 2 соты Талғат Аянды ҚР Қылмыстық кодексінің бірнеше баптары бойынша «Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру», «Көрінеу жалған ақпарат тарату» және «Заңсыз жиналыс, митинг, шеру, пикет, демонстрация немесе өзге де заңсыз жария іс-шара ұйымдастыру, өткізу не оларға қатысу, сол сияқты үй-жай, байланыс құралдарын, жабдықтар, көлік беру арқылы осындай іс-шараларды ұйымдастыруға немесе өткізуге жәрдем көрсету, егер бұл іс-әрекеттер азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулi зиян келтiру» бойынша сотталған.

Талғат Аян мен тағы бір белсенді Макс Боқаев жалпы режимдегі колонияда өтеуге бес жылға сотталған.

Дереккөз: Tengrinews.kz

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 

©2016-2018 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.