$ 514.93  536.04  5.18

Полиция ОҚО-да қырыққабат сатып отқан қызды алып қашу дерегін растады (ВИДЕО)

Өткен аптада ОҚО-да қырыққабат сатып отырған қызды алып қашып бара жатқан видео сайтымызда жарияланған болатын. Осы оқиғаны ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы растап отыр. Айтуларынша қыздың ата-анасы полицияға шағым түсірмеген.

«ОҚО ІІД ҰҚҚКБ қызметкерлері бейнероликтің кейіпкерлерін анықтады. Олардың барлығы ОҚО тұрғындары болып шықты. Ұрланған қыз бен оның ата-анасы ешкімге қояр арыз-шағымдары жоқ. Қазіргі таңда ол қыз тұрмысқа шықты. Өз кезегінде, айта кетсек, қалыңдықтың туыстары ішкі істер органдарына бейнематериалды таратқандарды жауапқа тарту бойынша арызданбақшы», – дейді басқарма өкілдері.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары