Шымкентте қырыққабат сатып отырған бойжеткенді алып қашып кетті. Осынау сәт түсірілген видеоролик Instagram әлеуметтік желісіндегі топтардың бірінде жарияланған.
Видеода екі-үш жігіт жүк көлігінің үстінде сауда жасап отырған қызды көтеріп алып, өзге көлікке күштеп мінгізеді.
Оқиғаның нақты қай жерде болғаны жазылмаған. Алайда желі қолданушылары бұл жағдайдың Шымкент қаласында болғанын сеніммен айтып отыр.
Айта кетейік, қыз алып қашқандар ҚР Қылмыстық кодексінің 125-бабы бойынша («адам ұрлау») 4 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.