$ 444.22  476.38  4.82

Германияда Qazaq Banki акционері Ибрагим Бақыт ұсталды

Германияда Qazaq Banki акционері Ибрагим Бақыт ұсталды деп жазады Tengrinews.kz.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдерінің сұранысы бойынша, Қазақстан ІІМ Интерполы Ұлттық орталық бюросының Германиядағы әріптестеріне жолдаған тапсырмасы нәтижесінде 23 сәуірде Германия аумағында Ибрагим Бақыт Жасұзақұлы ұсталды", - делінген ҚР ІІМ өкілдерінің Tengrinews.kz тілшісі жолдаған сауалға берген жауабында.

KASE мәліметінше, 2018 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша, Ибрагим Бақытқа Qazaq Banki акцияларының 10,71 пайызы тиесілі. Ол 2017 жылдың 12 маусымына дейін Qazaq Banki директорлар кеңесінің төрағасы болған.

Еске сала кетейік, осыған дейін 9 мамырда қазақстандық банкир Жомарт Ертаевтың Мәскеуде ұсталғаны хабарланған болатын. Ол "Москва-Сити" бизнес орталығының маңында ұсталған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары