$ 444.22  476.38  4.82

«Ешқандай притон жоқ»: Алматыда сутенерден қашып шыққан жезөкшенің сөзінен кейін полицейлер рейд жүргізіп, түк таппады

Мамыр айының басында Алматыдағы базарлардың бірінің маңында сутенердан қашамын деп көліктің астына түсіп қалған қыздың арызы бойынша қалалық ІІД-нің Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы және заңгерлер притон болуы мүмкін деген орынға рейд жүргізді. Естеріңізде болса, жәбірленген жезөкше сол базардың маңындағы үйлердің бірінде ондаған қыздың секс-құлдықта жатқанын айтқан болатын.

Қазіргі таңда аталған оқиғаға байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 308-бабы бойынша ("Жезөкшелiкпен айналысуға тарту") іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

"Қыздың айтқан мекен-жайы бойынша рейд жүргізіліп, ешқандай притон табылмады. Көршілерінің айтуынша, аталған үйде кішкентай балалары бар отбасы тұрады екен. Алматы қалалық ІІД халықтан шындыққа жанаспайтын пікір айтудан сақтануға шақырады. Өйткені, жалған пікір айтып та жауапкершілікке тартылулары мүмкін", - дейді полицейлер.

Қазіргі таңда Тергеу және Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармаларының мамандары жезөкшенің басынан өткен оқиғалары жайын түгелімен тексеріп жатыр. Қыздың өзі куәгер ретінде қорғауға алынған.

Еске салайық, 6 мамыр күні әлеуметтік желілерде сутенерден қашамын деп көліктің астына түсіп қалған жезөкше жайында видео тараған болатын. Қыздың өзінің айтуынша, басты сутенер Қырғызстан азаматы көрінеді. Ал, оларды полицейлердің өздері "қамқорлығына" алған деді жәбірленуші.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары