$ 447.4  477.55  4.76

Прокуратура: Шымкентте тегін берілуі тиіс медициналық анықтамалар сатылып келген

Шымкенттегі медициналық мекемелер тегін берілуі тиіс анықтамаларды осы күнге дейін сатып келген. Бұл туралы Шымкент қалалық прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Құқық қорғау органының өкілдері медициналық ұйымдар тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлеріне талдау жүргізген. Анықталғандай, тұрғындарға наркологиялық анықтама - 350 теңге, психоневрологиялық анықтама - 350 теңге және туберкулезге қарсы мекеме беретін анықтама 220 теңге теңгеге заңсыз сатылып келіпті. 

Тек қана 8 күн ішінде аталған анықтамаларды сатудан медициналық ұйымдарға 5,4 миллион теңгеден астам қаражат түсіпті (туберкулезге қарсы диспансері – 89 320 теңгеге 406 анықтама, психоневрологиялық диспансер – 2 816 800 теңгеге 8048 анықтама,  наркологиялық диспансер – 2 575 650 теңгеге 7359 анықтама).

Прокурорлардың араласуынан кейін аталған анықтамалардың барлығы 2 қарашадан бастап тегін беріле бастады. Ал, оларды сатып алған қала тұрғындары медициналық ұйымдарға барып, төлеген қаражаттарын қайтарып ала алады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары