$ 498.34  519.72  4.85

Балқашта полицей 3 досымен бірігіп, бойжеткенді көл жағасында зорлаған

Шетелде оқып жатқан бойжеткен ауылына қыдырып кеп, достарымен көңіл көтеруге барған. Кештен шыға салысымен оны полицей достарымен көлікке отырғызып, көлдің жағасына апарып зорлаған. Бұл туралы «НеМолчи» қоғамдық қорына жәбірленушінің әкесі айтып берді. 

«Оның қызы шетелде оқып, Қазақстанға құжаттарын дұрыстау үшін келген. Достарымен кездесуден шыққан қызды түнгі клуб алдында көлікте ішімдік ішіп отырған төртеуі жабылып алып қашқан. Оның айқайлағанына ешкім мән бермеген», – деп жазды «НеМолчи» қоғамдық қорының жетекшісі Дина Смаилова желідегі парақшасына.  

Смаилованың сөзінше, бойжеткенді 4 ер адам көлікте есінен таң атқанша сабапты. Сөйтіп көлік бұзылып, олар Балқаш көлінің жағасында қызды зорлауға кіріскен.

«Ең бірінші полицей зорлаған. Себебі, оған әйелі қайта-қайта хабарласып, «қайт» деп асықтырған. Содан қалған 3-еуі кезектесіп зорлап, ұрып-соғып, оны әбден қорлаған. 

Жәбірленуші қашып құтылып, жолға шығып, көлік тоқтатқан. Әкесіне хабарласып, болған жайды айтқан да полиция бөлімшесіне барған. 

Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, сот үшеуіне 5,6 жылдан, біреуіне 5 жарым ай берген. Жәбірленуші 10 жыл сұрады. Прокурор 8 жарым жыл сұрады. Ал судья неге ондай шешім шығарды?

ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов, сіздің қол астындағы полицейіңіз адам алып қашып, оны топпен зорлаған. Осыған қатысты қызметкерді Қазақстанның Қылмыстық кодексінде көрсетілген заңдар бойынша әділ жазалауыңызды сұраймын», – деп жазды ол.

Дереккөз: NewTimes.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары