$ 446.49  475.38  4.79

Қостанайда 26 жастағы ер адам оқушы қызға азғындық әрекет жасаған

Қостанайда автобустардың бірінде ер адам 11 жастағы қызға азғындық әрекет жасаған деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұл туралы жергілікті полицейге оқушы қыздың анасы жеткізген. 

«Қостанай тұрғынының арызы бойынша іздестіру шарасын жүргізген полицейлер алкогольді ішімдік ішкен 26 жастағы ер адамды тұтқындады»,– деп хабарлайды департаменттегілер. 

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктінің кінәсі дәлелденген жағдайда оған қандай жаза тағайындалатыны әзірге белгісіз. 

Дереккөз: ҚазАқпарат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары