$ 447.4  477.55  4.76

Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік!

Біз үшін жаңа дәуірдің арайлы таңы 1991 жылдың 16 желтоқсанында атты. Сол күні әлем көгінде «Қазақстан Республикасы» атты жаңа жұлдыз жарқырай туды. Биыл рухы асқақ, тұғыры биік мемлекетімізге 25 жыл толып отыр.

Тәуелсіздік күні – Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Тарих тұрғысынан қысқа мерзім ішінде халқымыз Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың саясатын қолдай отырып, әлеуметтік-экономикалық даму жолына түсті. Қазақстан Республикасы өзін бейбітшіл әрі жасампаз ел ретінде әлемге танытты. Ұлт Көшбасшысы «Қазақстан – 2050» Стратегиясында «Мәңгілік ел» идеясын Тәуелсіздігіміздің басты құндылығы ретінде атады. 
Осыған орай, бүгін қалалық мәдениет үйінде еліміздің ең Ұлық мерекесі-16-желтоқсан Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті. 
Шараға қатысушылар алдымен Арыс қаласының 1991-2016 жылдар аралығында жеткен жетістіктері туралы көрмені тамашалады.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиында Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпарат комитеті төрайымы Нұргүл Өсербайқызы, қала әкімі Мұрат Болатұлы қала халқын мерекемен құттықтап, еліміздің өркендеуіне үлес қосып жүрген бірқатар азаматтарды қала әкімінің алғыс хаттарымен марапаттады. 
Салтанатты шараға Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпарат комитеті төрайымы Мауберлинова Нұргүл Өсербайқызы, әкім орынбасарлары, мәслихат депутаттары, мекеме, бөлім басшылары мен қызметкерлері, партия өкілдері, дін және зиялы қауым өкілдері, этно – мәдени орталықтардың өкілдері, үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдардың жетекшілері, БАҚ өкілдері қатысты.
Мереке одан әрі қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары ұйымдастырған концерттік бағдарламаға ұласты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары