$ 448.89  477.93  4.76

Үшарал әуежайының құрылысы 50%-ға аяқталды

Алматы облысында Үшарал əуежайының құрылысы қызу жүріп жатыр. Биылғы шомылу маусымында демалушыларға Алакөлге ұшақпен қатынау мүмкіндігі туады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Əуе кемесі үш бағыт бойынша Үшарал-Астана, Астана - Үшарал, Үшарал-Алматы, Алматы-Үшарал жəне Үшарал-Талдықорған,Талдықорған-Үшарал қалаларынан демалушыларды тасымалдайды деп жоспарлануда. Əзірге аталған бағыттар бойынша билеттің нақты құны белгіленбеген. Бірақ, халыққа қолайлы бағаны бекіту мақсатында республикалық бюджеттен субсидия бөлінген.

"80 млн теңге осы билеттің құнын халыққа қолайлы ету мақсатында бөлініп отыр. Жалпы 20-25 мың теңге төңірегінде болады деген болжам бар. Сондай-ақ биыл Ақши ауылында теміржол вокзалының құрылысы басталады. Жоба құны 186 млн теңгені құрайды. Құрылыс биыл мамырда басталып, 1 қарашада аяқталады. Былтыр 450 мыңнан аса адам көл жағалауына келіп демалса, биыл 700 мыңнан астам турист келеді деп күтілуде" - деді Алакөл ауданының əкімі Əлібек Жақанбаев.

Қазір Алакөл ауданында құрылысы жүріп жатқан Үшарал əуежайының 50 пайыз жұмысы аяқталды. Жобаның жалпы құны 889 млн теңгені құрайды. Бір ауысымда 50 адамға қызмет көрсету көзделген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары